Айман Кожебековна Мусахаджаева

көрнекті скрипкашы, ҚР Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, «Әлем әртісі» профессор, белгілі қоғам қайраткері.

Қазақ ұлттық өнер университетінің әнұраны

Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің 20 жылдығына арналған концертінен үзінді

Димаш
Бибігүл
Дина
Айгуль
Рахат-Би

Дінмұхаммед Құдайберген

Дінмұхаммед Құдайберген , ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті  степендиясының иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Педагогика ғылымдарының магистрі, «Музыкатану» мамандығының 1курс докторанты

Қазақ ұлттық өнер университеті –  Елордамыздағы ең таңдаулы жоғары оқу орны. Қазір  ҚазҰӨУ республикамызда ғана емес,  алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танымал. Университеттің халықаралық деңгейде үлкен абыройға ие болуында  «Әлем Артисі», ҚР Халық артисі, көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы, ректор, профессор, менің рухани ұстазым  Айман Қожабекқызының еңбегі зор.  Оның  1-курсқа келгеннен бастап  қолдау көрсетіп, болашағымнан үлкен үміт күтуі  маған үлкен жауапкершілік артқандай болды. Айман Қожабекқызы көптеген байқауларға қатысуға  көмектесті.  Ол «Славян базары – 2015» байқауына қатысарда жеңіске жететініме сенім білдірген еді.  Қытай елінде өткен «Мен әншімін» байқауында  ұлт аспаптары оркестрін жіберіп,  менің алдыңғы лектен көрінуіме  тілектес  болып,  көп көмек көрсетті.

Міне,  биыл  оқуымды  аяқтап, маман  атанамын. Маған білім берген Қазақ өнерінің қарашаңырағына,  Айман Қожабекқызына  және университеттегі  ұстаздар  ұжымына үлкен алғыс айтамын. Шәкірттеріңіз тек биіктен көрініп,  қуанта бергей!

Бибігүл Жанұзақ

Бибігүл Жанұзақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана-опера» опера жане балет театрынын солисі, Вокалдық-хор жəне театр факультетінің 2007 ж. түлегі

Өнердің биік шыңы классика әлемінің есігін айкара ашып күрделі білімімен сусындатқан Шабыт ұлттык музыка өнер универстетін әлемге паш ету біздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі өткелі отырған 20 жылдық мерей той тыңдарман көңілінен орын алып,кейінгі жас ұрпақты биік өнерди бағалай білуге үйретері сөзсіз.

Дина Дүйсен

Дина Дүйсен, пианист, Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, ХХ Жас орындаушылардың республикалық конкурсының І жүлде иегері,  «Шабыт-Inspiration» Халықаралық пианистер конкурсының  (г. Астана) І жүлде иегері,  «Шабыт-Inspiration» «Камерная музыка»  номинациясы бойынша гран-при иегері,  Сенигалиядағы (Италия) ІІІ Халықаралық пианистер конкурсының ІІ жүлде иегері, фортепиано факультетінің  2005 ж. түлегі

ҚазҰӨУ және менің дамуыма үлесін қосқан барлық мұғалімдерге алғысымды айтқым келеді. Менің өмірімдегі жарқын әсерлер ХХ Республикалық конкурспен,   «Шабыт» және «ХХ ғасыр музыканты» конкурстарымен, Сенигаллиядағы (Италия) Халықаралық конкурста ІІ орын алуыма байланысты.

 Сол кездегі ҚазҰМА қызыл дипломын алған соң мен Техаста (АҚШ) оқуымды жалғастырдым, сосын Лондондағы Корольдік академиясына оқуға түсіп, магистратураны үздік тәмамдадым. 

Қазір концерттік қызметпен айналысамын, жақында 1958 жылдан бері Бухаресте өткізіліп келе жатқан Джордже Энеску Халықаралық фестиваль конкурсына қатыстым.  Биыл Оксфордтағы Халықаралық пианистер фестиваліне қонақ ретінде қатысамын, сондай-ақ  Лондондағы Cadogan Hall-да дебютім болмақ. Менің  «Mazurkas from Chopin to Adès»  атты жеке дискім  с продюсер,  «Грэмми» сыйлығының лауреатымен бірге жазылды.

Айгуль Ниязова

Айгүл Ниязова,  сопрано, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана-опера» МОБТ жетекші солисі, вокалдық-хор және театр факультетінің  2001 ж. түлегі

Менің шығармашылық жолымның басталуы мен қалыптасуы біздің университеттің 20 жылдығымен тығыз байланысты. Сонау 1997 жылы мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті кезімде  біздің жаңа Астанамызда – сол кезде ҚазҰМА аталатын еліміздегі ең болашағы зор жоғары оқу орнында оқуымды  жалғастырам деп ойламаппын.  Ректор А. Қ. Мұсақожаеваның шақыруымен  ұстазым, вокалдық өнер профессоры, ҚР халық артисі Х. И. Қалиламбекова мені опералық ән салу өнеріне баулуды одан әрі жалғастырды.   Менің әншілік болашағыма серпін берген сәттердің бірі «Шабыт-Inspiration»ІҮ Халықаралық шығармашылық жастар фестиваліндегі жеңісім еді. ҚазҰӨУ жоғары білікті оқытушылық құрамының арқасында біздің алғашқы түлектер қазақ өнерін елімізде де, шет елдерде де кеңінен  танытып жүр!

Абдысагин Рахат-Би Төлегенұлы (02.02.1999 ж.т., Алматы, Қазақстан) – композитор әрі пианист. Ең жас өнертану ғылымдарының магистрі (2017), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2016), халықаралық байқаулардың жеңімпазы, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық конкурсы лауреаттары Ассоциациясының мүшесі (2018). Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ең дарынды өнерпазға» кубогымен марапатталған (2014). Қазақстанда тұңғыш рет жүргізілген «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы (2017).

 

GDPR