Құрметті Станислав Монюшко атындағы I республикалық вокалдық байқаудың қатысушылары!
Польша Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанынын 30 жылдығына және ұлы поляк композиторы, поляк ұлттық операсының негізін қалаушысы Станислав Монюшконың қайтыс болғанына 150 жыл толуына орай аталған байқауға қатысу үшін бөлінген уақытыңыз бен күш-жігеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Байқауға қатысу Сізге Станислав Монюшконың және басқа да батыс еуропалық ұлы композиторлардың опералық шығармаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді деп сенемін.
Бұл поляк-қазақстандық бастама вокалдық өнердің танымалдылығын, сондай-ақ жалпы елдеріміз арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге қызмет ететініне сенімдімін
Құрметпен, Селим Хазбиевич
Польша Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі