ҚазҰӨУ студенттері «SPEECH CONTEST 2022» олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

2022 жылдың 21-22 сәуірінде Т. Қ .Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «SPEECH CONTEST 2022» ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша дәстүрлі олимпиада-конкурс өтті. Олимпиада академияның «Шет тілдері және ҚХА» кафедрасының базасында Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық мамандықтарының студенттері арасында өткізіледі. ҚазҰӨУ кескіндеме және мүсін кафедрасының 1 курс студенттері Кәкім Адина мен Кәкім Адия ағылшын тілі номинациясында 1 және 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!