III халықаралық «ТОМИРИС» студенттік кинофестивалінің нәтижесі

2022 жылғы сәуірдің 26-28 күндері аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде III халықаралық «ТОМИРИС» студенттік кинофестивалі өтті. Фестивальдің халықаралық және ұлттық байқауларына қатысқан фильмдердің жалпы саны – 53.  Олардың ішінде әлемнің жеті елінен келген фильмдер бар. Фестиваль аясында қазақстандық кинотанушылар Гүлнар Ойратқызы Әбікееваның «Казахская новая волна» және Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» (құраст.: Гүлжаhан Бекхожина, Баубек Нөгербек) атты жаңа кітаптардың тұсаукесерлері өтті. Сондай-ақ, 27-28 сәуір күндері Халықаралық байқаудың қазылар алқасының мүшелері Сергей Бодров (АҚШ), Андроника Мартонова (Болгария), Махмудов Мавзур (Өзбекстан), Гульбара Толомушовалардың (Қырғызстан) шеберлік сыныптары өтті.

Халықаралық байқаудың жеңімпаздары: III ХСКФ «ТОМИРИС»

Халықаралық байқаудың жеңімпаздары:

  • Үздік көркем фильм – «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату» («Parole») – Войтех Навотный (Прагадағы Музыкалық өнер академиясының кино және телевизия факультеті, Чехия)
  • Үздік деректі фильм – «Менің балалық шағым аяқталғанда» («When my carefree childhood ended») – Грант Сардарян (Ереван мемлекеттік театр және кино институты, Армения)
  • Үздік анимациялық фильм – «Метаморфозалар» («Metamorphoses») – Айтолқын Әлменова (Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан)
  • Режиссердің үздік жұмысы үшін – «Секпіл» («Freckles») – Ким Джи-Хи (Корей ұлттық өнер университеті, Корея Республикасы)
  • Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы үшін – «Пшик» («Zilch!») – Абылай Мұрашбеков (Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан)
  • Оператордың үздік жұмысы үшін – «Түйме» («The Button») – Нұрсұлтан Сәбденов (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан)
  • Үздік сценарий үшін – «Дәстүр» («Tradition») – Жанузак Мамытов («Манас» Қырғыз-Түрік университеті, Қырғызстан)
  • Ер адам рөлін үздік орындағаны үшін – «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату» («Parole») – Якуб Калиан (Прагадағы Музыкалық өнер академиясының кино және телевизия факультеті, Чехия)
  • Әйел рөлін үздік орындағаны үшін – «Ұмытылмас» («The Indelible») фильмінің Әйелдер актерлік ансамблі (Корей ұлттық өнер университеті, Корея Республикасы)
  • Композитордың үздік жұмысы үшін – «Пшик» («Zilch!») – Олжас Байбеков (Қазақ ұлттық өнер университеті, Қазақстан)
  • «DASTORE» компаниясының арнайы жүлдесі («Үздік операторлық жұмыс үшін»): «Тыныш орын» («Quiet place») – Асан Джанталиев («Манас» Қырғыз-Түрік университеті, Қырғызстан)

Ұлттық байқаудың жеңімпаздары:

Үздік фильм – «Үмітсіздік» («Отчаяние») – Әлішер Аманбаев (Қазақ ұлттық өнер университеті)

Үздік режиссер – «Минус бес» («Минус пять») – Рүстем Дастанұлы (Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА)

Үздік визуалдық шешім – «Рамка» – Әйгерім Сүттібаева (Қазақ ұлттық өнер университеті)

Үздік сценарий – «Құдаша қыз» – Арна Ризабек, Айгерім Қалмұханбетова (Қазақ ұлттық өнер университеті)

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі:

– «The last night of the world» («Ертең ақырзаман») – Эрик Завизион (Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)

– «Бастысы – жақсы көру» («Главное – любить») – Меруерт Акитова (Қазақ ұлттық өнер университеті)

«DASTORE» компаниясының арнайы жүлдесі («Үздік операторлық жұмыс үшін»):

«Құдаша қыз» – Бердалы Мұхамеджан (Қазақ ұлттық өнер университеті)

«Qara Nary. Toleubek Aralbay» – Жүсіп Суханбердиев, Владимир Белокрылов ( Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы)