Смағұлова Жанель «Qyzgaldaq -2022» II Халықаралық студенттік пленэр байқауында I орынға ие болды

ҚазҰӨУ Көркемөнер факультетінің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының «Кескіндеме» мамандығының 3 курс студенті Смағұлова Жанел 2022 жылдың 25-27 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ұйымдастырған «Qyzgaldaq – 2022» II Халықаралық студенттік пленэр байқауында I орынды жеңіп алды. Сондай-ақ ҚазҰӨУ-ден байқауға «Кескіндеме» мамандығының 4 курс студенті Жораев Бақыт қатысты.Байқауға жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері бағыты бойынша оқитын студенттер қатысты. Қазақстан эндемикалық қызғалдақтар түрлерінің отаны екені белгілі, Қазақстанда қызғалдақтың 65 түрінің 35-і кездеседі.Пленэр Алматы облысындағы Шарын шатқалы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде өтті.