Жамбылбек Қымбат «Розаның ізбасары» номинациясын және жүлделі 2 орынды иеленді

Сұлу Сырдан қанат қағып қазақтың, әлемнің ән өнерінің көгінде жұлдыз болып жарқыраған ғазиз ғұмыр иесі – Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» республикалық әншілер конкурсы өз мәресіне жетті. Аталған конкурста “Эстрада өнері» кафедрасының 3 курс студенті Жамбылбек Қымбат «Розаның ізбасары» номинациясын және жүлделі 2 орынды иеленді. Қымбатты жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз!