ҚазҰӨУ-де III Халықаралық «ТОМИРИС» Студенттік кинофестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан қаласында III Халықаралық «ТОМИРИС» Студенттік кинофестивалі!

Қазақ ұлттық өнер университетінде 2022 жылдың 26-28 сәуір аралығында III Халықаралық «ТОМИРИС» Студенттік кинофестивалі өтеді. Осы жылы байқау бағдарламасында 7 мемлекеттен 53 фильм қатысады.
Отандық жас кинематографисттерді қолдап, олардың кәсіби тәжірибесі мен беделін ұлттық және халықаралық байқауда арттыру, сондай-ақ, жоғары оқу орындары арасында байланысты нығайтып, түрлі мемлекеттердегі оқу орындарынының шығармашылық шеберханасымен тәжірибе алмасу – кинофестивальдің басты мақсаты болып табылады.
«Томирис» кинофестивалі халықаралық және ұлттық байқаудан тұрады. Халықаралық байқаудың қазылар алқасында кеңестік және ресейлік кинорежиссер, «Оскар» сыйлығының екі мәрте номинанты Сергей Бодров (АҚШ); кинотанушы, киносыншы және Азия киносын зерттеуші Андроника Мартонова (Болгария); анимациялық фильмнің режиссері және сценарист, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мавзур Махмудов (Өзбекстан); кинотанушы, Қырғызстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Гульбара Толомушова (Қырғызстан); кинорежиссер, Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» студиясының өндіріс бойынша вице-президенті Серік Әбішев (Қазақстан).

Ұлттық байқаудың қазылар алқасында – кинотанушы, киносыншы, Қазақстан киносыншылары қауымдастығының Президенті, қазылар алқасының төрайымы Гүлнәр Әбікеева. Кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі Нәзира Мұқышева. Кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры Инна Смаилова. Кинотанушы, киносыншы, PhD, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Кино тарихы және теориясы» кафедрасының меңгерушісі Баубек Нөгербек.

«Томирис» кинофестивалінің қатысушылары: Chung-Ang University College of Arts, Korea National University of Arts, Ensi Films, FAMU, «Gobelins» School of Image, Yerevan State University of Theatre and Cinematography, Высшая Школа Режиссеров и Сценаристов (Санкт- Петербург), «Манас» Қырғыз-Түрік университеті, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық өнер университеті, «Тұран» университеті.

Кинофестиваль бағдарламасы:
* 26.04.2022 – Халықаралық байқау фильмдерінің көрсетілімі, ашылу салтанаты, концерт.
* Ұлттық және Халықаралық байқау фильмдерінің көрсетілімі, шеберлік сыныптар.
* Ұлттық және Халықаралық байқау фильмдерінің көрсетілімі, жабылу салтанаты, жеңімпаздарды марапаттау.