ҚазҰӨУ-де тәлімгерлер мен студенттерге арналған «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты кездесу өтті

Тәрбие жұмысы және жастар ісі жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 22 сәуір күні тәлімгерлер мен студенттерге арналған «Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты кездесу өтті.

Аталмыш іс-шарада Тәрбие  жұмысы жөніндегі проректор – Омарова Ж.Н., ТЖ және ЖІЖ бөлім басшысы – Сарин С.Е., Қауіпсіздік қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі маманы – Раимбеков Б.Б., Әкімшілік-шаруашылық қызметінің өрт қауіпсізгі бойынша инженері – Ержанов Д.А., Студенттік парламент президенті Тусупбекова О.Б., модератор – ТЖ және ЖІЖ бөлім басшысының орынбасары Аймакова А.А. сөз сөйледі.

Кездесу барысында білім алушыларға ҚазҰӨУ ішкі тәртіп қағидалары, өрт қауіпсіздік ережелері, сонымен қатар «Таза сессия» акциясы қарсаңында академиялық сыбайлас жемқорлық пен академиялық адалдық кодексінің негізгі ережелері түсіндірілді және Студенттік парламенттің жаңа құрамы таныстырылды.

Кездесу соңында ҚР Әділет министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқық бөлімінің бас маманы Байбутаев Әділжан Жанұзақұлы «Мемлекеттік тілдің мемлекеттік қызметтегі рөлі» тақырыбында мемлекеттің тілдің маңыздылығы туралы дәріс өткізді.