Эстрада вокалисі мамандығы бойынша жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиадасы өтті

14 сәуір күні «Вокалдық-хор, эстрадалық өнер және музыкалық білім» факультетінің «Эстрада өнері» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақ ұлттық өнер университеті және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жоғары оқу орындары арасында 6В02181 Эстрада өнері – эстрада вокалисі мамандығы бойынша жыл сайынғы Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

2017 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясында өткен олимпиададағы біздің түлегіміз Айдын Жұмабаевтың салтанатты жеңісінен кейін аталған іс-шара 2018 жылдан бастап университетіміздің қабырғасында өткізіліп келуде. Биылғы жыл да табысты болды, себебі 1 орынды оқытушы Ақерке Бахтиярқызы сыныбының 3 курс студенті Төлебекова Мөлдір иеленді. Қазылар алқасының төрағасы ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, «Формат» тобының продюсері Кайрат Баекенов бастаған келесі әділқазы мүшелері, яғни,

  1. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Забирова толқын Қалиқызы
  2. Педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚазҰӨУ профессоры, «Вокалдық-хор, эстрада өнері және музыкалық білім беру» факультетінің деканы Сметова Алмагуль Амантаевна.
  3. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚазҰӨУ профессоры Жұмағалиев Сембек
  4. ҚазҰӨУ аға оқытушысы Воловикова Ирина Николаевна сынды кәсіби мамандар үміткерлерді бәсекеге қабілетті деп төмендегідей бағалады:

2 орын 

ҚазҰӨУ 2 курс студенті Елюбаев Жанасыл, оқытушы Ақерке Бахтиярқызы сыныбы.

Қ.Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 4 курс студенті Жұмабай Ермек, профессор Забирова Толкын Калиевна сыныбы.

3 орын

ҚазҰӨУ 3 курс студенті Кайралапова Лаура, аға оқытушы Воловикова Ирина Николаевна сыныбы.

ҚазҰӨУ 2 курс студенті Биржанова Дильнура, аға оқытушы Воловикова Ирина Николаевна сыныбы.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА 2 курс студенті Қыстаубаева Аяжан, Өмірзақова Г.А. сыныбы.