ҚазҰӨУ-де «Art Splash» шығармашылық жұмыстарының көрсетілімі өтті

Бүгін 2022 жылдың 21 сәуірінде ҚазҰӨУ галереясында «Кино және ТВ театры костюмдерінің сценографиясы»мамандығы студенттерінің шығармашылық жұмыстарының жыл сайынғы көрсетілімі өтті.
Көрермендер костюмдер бойынша жас суретшілермен және олардың өнерге деген ерекше көзқарастарымен таныса алды.
Біздің студенттер экологиядан, табиғат үйлесімділігінен, тәуелсіздіктен, теңдіктен бастап қазіргі қоғамды толғандыратын тақырыптардан шабыт алды. Жоба «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының педагогы Сырбаева Алма Әбілмәжінқызының жетекшілігімен жүргізіледі.