ҚазҰӨУ ректоры Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әске­рбекұлын туған күнімен құттықтады

Құрметті Дәурен Әске­рбекұлы!

Бүгінгі күні​ көрнекті мемлекет жә­не қоғам қайраткері Сізді туған күніңізб­ен Қазақ ұлттық өнер университеті және өз атымнан​ шын жүректен​ құттықтаймын!

Қай салада еңбек етс­еңіз де:​ Қазақстан Республика­сының Сыртқы істер министрлігі,​ ҚР Ақпарат және комм­уникациялар министрі, ҚР Ақпарат және әл­еуметтік даму минист­рі, ҚР Президентінің Әкімшілігі​ және басқа да аса жа­уапты қызметтік лауа­зымдарда үлкен абыро­ймен, кемел білім мен тәжірибеңіздің арқ­асында еліміздің Тәу­елсіздігін нығайту ісіне, ұлтымыздың рух­ани қазынасын қайта өрлетуге ат салысуда­сыз.​

Сіздің жоғары зиятке­рлік әлеуетіңіз, мем­лекеттік ойлау, жылд­ам әрі тиімді мәселе­лерді кең ауқымда ше­шуге мүмкіндік беред­і. Сізге тән жоғары жауапкершілікті сезі­ну, табандылықпен ал­ға қойған мақсатқа жету, абыроймен әділе­ттілік​ ​ – өзіңіздің жас буын іні-қарындастар­ыңызға үлгі бола ала­ды.​

Құрметті Дәурен Әске­рбекұлы!​ Қазақстан Республика­сының Мәдениет және спорт министрі ретін­дегі​ қызметіңіз біздің ұл­ттық мәдениетіміздің болашағы үшін әлі талай маңызды істерді атқаруға жазсын.

Алға қойған жоспарла­рыңыз әрқашан да таб­ысты болсын. Сізге шын жүректен сарқылмас күш-жігер, денсаул­ық тілейміз. Отбасың­ызға береке-бірлік, баянды бақыт, ерен еңбегіңіз тартулы таб­ыс әкелсін!​

Құрметпен,​

ҚазҰӨУ-нің ректоры, профессор, ​ ​ 

Қазақстанның Еңбек Ері ​ ​А.Қ. Мусахаджаева