ҚазҰӨУ 3 курс студенті Светлана Тарасова «Шапағат» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Олардың қатарында,  драма театрының режиссері мамандануының 3 курс студенті Светлана Тарасова «Шапағат» медалімен марапатталды.

«Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің және өз істеріңізге зор жауапкершілікпен шынайы берілгендіктеріңіздің дәлелі, сондай-ақ қоғам мен мемлекет тарапынан алғыс пен назар аударудың маңызды белгісі саналатын осынау лайықты наградаларыңызбен құттықтап отырғаныма шын жүректен қуаныштымын. Сіздерге шығармашылық табыс, жаңа жобалар және ризашылығымды білдіремін», – деді Дәурен Абаев.