ҚазҰӨУ ректоры Айман Мусахаджаева ғылым қызметкерлерін төл мерекесімен күнімен құттықтады

Құрметті Қазақстандық ғалымдар!

Сіздерді 12 сәуір – ғылым күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ғылыми зерттеулердегі жетістіктеріңіз жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды байытады. Олар ғылым дамуының қазіргі кезеңінде ғана емес, болашақта да көптеген мәселелерді шешуге негіз болуы тиіс. Сіздердің тынымсыз белсенділіктеріңіздің, жаңашылдыққа ұмтылуларыңыздың, шығармашылық ізденістердің, озық идеяларды енгізудің арқасында еліміз қуатты ғылыми-техникалық әлеуетке ие болды. Белсенді, мақсатты жұмыстарыңыз үшін, отандық және әлемдік ғылымға қосқан үлестеріңіз үшін үлкен рахмет.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған біздің мемлекетіміз ғылым саласының болашағына үлкен үміт артуда және  еліміздің жарқын болашағы ғылыми прогреспен тығыз байланысты екені аксиома. Өйткені бүгінде ғылым адамзат тіршілігінің барлық саласын дамытудың басты факторына айналды.

Құрметті әріптестер! Бүгінгі ел өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген түрлі ғылым саласындағы азаматтар мен ғалымдарымыз үшін маңызы айрықша күнде Сіздерге сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тілеймін. Жаңалықтарыңызбен қуанта беріңіздер!

Барлық жоспарларыңыз сұранысқа ие және жүзеге аса берсін! Сіздерге жаңа тамаша ғылыми жетістіктер тілеймін.

Айман Мұсахаджаева, ҚР Еңбек Ері,

ҚР Халық артисі, ҚазҰӨУ ректоры, профессор

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
Тәуелсіздік  проспекті, 50 үй, Нұр-Султан, Қазахстан