Халықаралық «Global Nomads Fashion Awards» байқау – премиясының жеңімпаздары болып ҚазҰӨУ өкілдері атанды

Халықаралық «Global Nomads Fashion Awards» байқау премиясының жеңімпаздары болып ҚазҰӨУ киім дизайнеры және сән – қолданбалы өкілдері атанды

Қазақстанның креативті индустриялары мен сән және қолөнер саласын дамытуға арналған форум шеңберінде 2022 жылдың 1 сәуірінде Нұр-сұлтан қаласында «Hilton» қонақ үйінде «Kazakh Tоurism» Ұлттық компаниясы АҚ қолдауымен өткізілетін «Global Nomads Fashion Awards» атты Халықаралық жоба байқау премиясының финалистерін марапаттау рәсімі өтті. Байқау кезең-кезеңімен 6 айға созылды.

ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, кескіндеме, сәндік өнер және мүсін» ПЦК оқытушысы Анар Әубәкір «Футболкадағы принт» номинациясының женімпазы және «Travel set»  номинациясының жартылай финалисты атанды.

«Кәдесыйлар мен аксессуарлар» номинациясының жеңімпазы болып ҚазҰӨУ «Металды және басқа материалдарды көркем өңдеу» мамандануының түлегі, суретші зергер Бақытжан Үсембеков атанды. Сонымен қатар ол АҚ ҰК «Kazakh Tоurism» арнайы жүлдесінің иегері атанды, соның арқасында оның туындылары жыл ішінде Қазақстанда және шетелде өткізілетін екі көрмеге қойылады. Бұл марапатты оған «Kazakh Tourism» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Серікұлы Сәдуақасов табыс етті.

Сонымен қатар, 4 курс «Киім дизайны» мамандануының екі студенті Қожахметова Камила мен Әсия Айдархан байқаудың жартылай финалистерінің дипломдарымен марапатталды. Студенттердің бірлескен жетекшілері «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының оқытушылары Есқожина Лаура мен Исатаева Сәуле. Жетекшісі, fashion дизайнер Есқожина Л.Б. студенттерді байқауға қатысуға ынталандырды және топтаманың жобалық – эскиздік бөлігіне жетекшілік етті, ал бірлескен жетекші Исатаева С. Т. бұйымдарды пішу және тігу процесін қадағалады.

Байқаудың барлық жеңімпаздары Халықаралық байқау премия «Global Nomads Fashion Awards» жобасымен коллаборация және одан әрі шығармашылық ынтымақтастық мүмкіндігіне ие болады.