ҚазҰӨУ студенті Имашев Диас XIV Республикалық пәндік олипиадада жүлделі орынға ие болды

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Музыкалық дыбыс режиссура» мамандығының 1 курс студенті Имашев Диас  Қазақ ұлттық өнер академиясында (Алматы қаласы) өткен XIV Республикалық пәндік олипиадада ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Диасқа шығармашылық табыс, қажымас қайрат тілейміз. Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!

Жетекшісі «Кинооператорлық өнер және дыбыс режиссура» кафедрасының оқытушысы Байжанбаев Жандос. Үлгілі шәкірт тәрбиелеген Сізге алғыс айтамыз!