«Дизайн: ғылым немесе өнер» атты ғылыми семинарды болашақ дизайнерлер үлкен қызығушылықпен тыңдады

2022 жылдың 30 наурызында Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚазҰӨУ «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының оқытушысы, дизайнер, сәулет өнері бойынша магистрі Рахымбеков Нариман Маратханұлының «Дизайн: ғылым немесе өнер» атты ғылыми семинары өтті.

Семинар ҚазҰӨУ-нің «Интерьер дизайны», «Графикалық дизайн», «Өнеркәсіптік дизайн», «Арт дизайн» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1 және 2 курс студенттеріне арналды.

Дәріс оқытушы студенттерге Л. Б. Альберти, О. Уайлд, Ф. Ницше және т. б.  философтардың, жазушылардың, сәулетшілердің ойларымен сүйемелденген дизайн тұжырымдамасы, дизайнердің білім базасы, ғылым немесе өнер блоктары бойынша өзекті тақырыптар қамтылған презентация түріндегі материалды ұсынды.

Атап айтқанда, дизайн, өнер, инженерия және ғылым синтезі, дизайнның болашағы мен бүгіні: нейрондық желілер, сандық технология (NFT), VR @ AR мәселелері қарастырылды. Семинар дизайн саласындағы болашақ мамандарға пайдалы ақпаратқа толы болды. Ғылыми семинар залдағы барлық студенттерге қызығушылығын тұғызды.

Ғылыми семинарға спикер шақырған болашақ жұмыс берушілер «RichArt» жарнамалық – өндірістік компаниясының директоры Рожков Максим және «MisterDoors» жиһаз компаниясының директоры Алькеева Жанна ҚазҰӨУ дайындаған дизайн бойынша білім беру бағдарламаларын бағалау және сараптау жөніндегі стейхолдерлері ретінде де қатысты.

Семинар шеңберінде келесі оқу жылында дизайн білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттердің аталған компаниялар базасында өндірістік тәжирибеден өту мәселелері талқыланды.