Ажал айтып келмейді. Бүгін қазақ өнерінің, оның ішінде, кинотану ілімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, ұстаз Наурызбаева Гүлжан Құрманғалиқызы дүниеден озды. Ұстаздан тәлім алған шәкірттері өмірден өз орнын тауып, осы күні қазақ өнерінің бір кірпіші болып қаланды. Әйткенмен, Жаратқанның жазуына не шара?! Гүлжан Құрманғалиқызының туыс-туғандарына, артында боздап қалған анасы мен бала-шағасына қайғыра көңіл айтамыз. Жаны пейіште шалқысын, иманы жолдас болсын.
Қазақ ұлттық өнер университеті «Театр өнері және өнертану» факультеті