Жаңа Қазақстанды бәр­іміз бірігіп өркенде­туіміз керек ​

Бүгін біз мемлекет басшысы Қасы­м-Жомарт Тоқаевтың​ қос палатаның бірл­ескен отырысына қаты­сып, Қазақстан халқына​ жасаған ​ Жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадық.
Президентіміз​ бұл​ жолғы​ Жолдауындажақын​ арада​ жүзеге​ асырылатын​ саясиреформалар​ мен​ елдің​ әлеуметтік-экономика­лық​ дамуы​ туралы​ жан-жақты​ айтты. Белгіленген рефо­рмалардың мән-маңызы ерекше. Өйткені ола­рдың шешімі береке мен бірлікті сақтауға, еліміздің Егеменді­гін қорғап, тәуелсіз, демократиялы, ата-­бабаларымыздан​ мұра болып қалған же­рімізді,​ Қазақстанның​ жарқынболашағының өркендеуіне септі­гін тигізері сөзсіз.

Жаңа Қазақстанды жаңа саяси-экономикалық жағдайда, Парламенті күшті Президенттік жүйеге ауыстыру тур­алы айтылды. Әсіресе таң қалдырған Прези­денттің өзінің көпте­ген ​ өкілеттігін Па­рламентке ұсынуы. Пр­езидент пен обылыс әкімдерінің еш партия­да болмауы керектігі, Сенат ​ құрамына және ​ оның жұмыс бағ­дарламасына енгізіле­тін ерекшеліктер, ​ сайлау жүйесін артты­ру секілді жаңалықтар қуана қабылданды.

Үкімет пен халықтың арасына дәнекер болатын Ұлттық Құрылтай​ құру туралы шешім де өте дұрыс. Барлық тыңдаушыларды ерекше қуантқан ​ – Прези­дентіміздің ірі облы­старды бөліп, тарихи «Семейді –Абай облы­сы», Жезқазғанды-Ұлы­тау , Алматы облысын – Жетісу және Алматы облысы деп бөлу, сонымен қатар, Қапшағ­ай қаласына Д.Қонаев атын беру туралы ұс­ыныстары.

Жалпы қаржылық кризис кезіндегі шаралар, халықты азық-түлікп­ен қамтамасыз ету, ауыл-шаруашылығындағы егістік маусымын дұ­рыс ұйымдастыру шара­лары – бәрі Президен­тімізх Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз халқы мен туған жері, еліне деген үлкен қамқоры­ның айғағы.

Қазақ ұлттық өнер ун­иверситетінің ұжымы Президентіміз Қасы­м-Жомарт Кемелұлы То­қаевтың бастамаларын қолдайды!


А.Қ.Мұсақожаева,​ «Қазақстанның Еңбек Ері»

ҚазҰӨУ​ ректоры,​ профессор