Докторанттың ғылыми тағылымдама тәжірибесінен алған әсері

Мәдениеттер диалогы

ҚазҰӨУ «Музыкатану» мамандығының PhD докторанты Ибрагим Д.Т. У.Гаджибейли атындағы Баку музыкалық академиясында (Баку, Әзірбайжан) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту тәжірибесінен алған әсері.

PhD докторантураның академиялық мобильділігі аясында Бакуде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткеніме өте ризамын. Мен Баку музыка академиясын таңдадым, өйткені мен үшін Әзірбайжан музыкасындағы музыкалық сайысу дәстүрлерді зерттеу қызықты болды – ашыгтардың дейишмесі, өйткені менің диссертациямның тақырыбы «Заманауи Қазақстан музыка өнеріндегі сайысу мәдениеті» болып табылады. Ең алдымен тағылымдаманы ұйымдастырып жылы қарсы алғандары үшін  У. Гаджибейли атындағы БМА ректоры, профессор, КСРО және Әзірбайжан Республикасының халық әртісі Фархад Шамси оглы Бадалбейлиге, оқу ісі жөніндегі проректоры, Әзірбайжанның еңбек сіңірген ұстазы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нармина Гулиеваға, Ғылыми-шығармашылық жұмыстары жөніндегі проректоры, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Гүлназ Абдулазадеге, халықаралық байланыстар, әлеуметтік мәселелер және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор, Әзірбайжанның халық әртісі, профессор Егана Ахундоваға, Қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі, Өнертану бойынша философия ғылымдарының докторы, доцент Наргиз Сиявуш қызы Гусейноваға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, шетелдік кеңесшім, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнер ғылымдарының докторы, профессор Тариель Айдын оглы Мамедовке мазмұнды ғылыми-теориялық консультациялары, арнайы әдебиеттермен және БАҚ ресурстарымен таныстырғаны үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді.

Тағылымдама бағдарламасы аясында профессор, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Мехрибан Ахмедованың «Дәстүрлі Әзірбайжан музыкасы» пәні бойынша сабақтарына қатысып, рас, шур, сейгях және т.б. негізгі мугамдарымен таныстым. Куратор Феруддин Мәлім ұлттық аспаптар шеберханасына экскурсия жасады, Мұса ұста өз туындыларын таныстырды, аспаптардың қандай материалдан жасалатынын айтты: тар, ширван томбуры, кяманча, соқпалы аспаптар, тіпті маған тарда тартуға рұқсат берілді. Тағылымдама біткен соң Қара Қараев атындағы мәжіліс залында «Қазақтың музыкалық мәдениетіндегі сайысу дәстүрлері» тақырыбындағы лекция-концертімді бердім, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны таныстырып, бірнеше күйлерді тарту еттім, сонымен қатар оркестрлердің айтысы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Дәріс-концерттен кейін У. Гаджибейли атындағы БМА ректорымен кездесу өтті. Фархад Шамси оглы, университетіміз және ректорымыз Айман Мұсахаджаева туралы жылы лебізін білдірді. Ғылыми-шығармашылық жұмыс жөніндегі проректор Гүлназ Абдуллазаде салтанатты түрде маған ғылыми тағылымдамадан өткені туралы куәлікті тапсырып, БМА ҚазҰӨУ-мен тағылымдамадан өтушілер алмасуды жалғастыруға қуанышты екенін айтты.

Мен ҚазҰӨУ-дің барлық деңгейінде оқыдым, 12-сыныпты, бакалавриат пен магистратураны бітірдім, қазір PhD докторантымын, сондықтан талантымызды шыңдап, жоғары білім алуға мүмкіндік берген әлемнің ең үздік университеттерінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберген ректорымыз Мұсахаджаева Айман Қожабекқызына үлкен рахмет айтамын.

 Сол жақтан екіншісі – У.Хаджибейли атындағы БМА ректоры, профессор, КСРО және Әзірбайжан Республикасының халық әртісі Фархад Шамси оглы Бадалбейли. Оң жақтан біріншісі –  Ғылыми-шығармашылық жұмыс жөніндегі проректор, Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Гүлназ Абдуллазаде.

У. Гаджибейли атындағы БМА Ұлт аспаптатар шеберханасында

Қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі, Өнертану бойынша философия ғылымдарының докторы, доцент Наргиз Сиявуш қызы Гусейновамен

Ортада  Әзірбайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану ғылымының докторы, профессор Тариель Айдын оглы Мамедов.