Білім беру үрдісіндегі ынтымақтастық

ҚазҰӨУ ректоры А.Қ.Мұсахаджаева мен «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов арасындағы ынтымақтастық келісімі аясында екі университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының виртуалды ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Тәрбие процесі көп қырлы өзара әрекеттестікте.

Бұл білім беру саласындағы университетаралық ынтымақтастықты ҚазҰӨУ «Киноөнері және телевидение» факультеті мен «Тұран Кино Академиясы» жоғары мектебі жүзеге асырды.

«Тұран Кино Академиясы» жоғары мектебімен келісім бойынша ҚазҰӨУ «Киноөнері және телевидение» факультетінен кино және теледидар кинооператоры Талғат Тұрғанбайұлы Тайшанов бекітілді. Ал ТКА тарапынан – «Операторлық өнер» білім беру бағдарламасының жетекшісі, кино және теледидар операторы Александр Викторович Костылев болды. Онлайн дәрістер «Көркем фильм режиссурасы» және «Деректі фильмдер режиссурасы» мамандығының 3 курс студенттеріне өткізілді.

Ағымдағы жылдың 1 наурызында бірлескен қорытынды кездесу студенттермен бірге қорытындыланды.

Құттықтау сөз сөйлегендер: «Тұран Кино Академиясы» жоғары мектебінің директоры – Хакимов Азат Серікұлы; ҚазҰӨУ біліктілікті арттыру және қосымша білім беру бөлімінің меңгерушісі – Қалмағамбетова Асыл Ғалымқызы; «Тұран Кино Академиясы» «Операторлық өнер» білім беру бағдарламасының жетекшісі – Костылев Александр Викторович; ҚазҰӨУ «Кино және телевидение режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі Қожақова Ләззат Біләлқызы және кино және теледидар кинооператоры Талғат Тұрғанбайұлы Тайшанов. Сондай-ақ, ҚазҰӨУ студенттері : Арай Каримова, Лаура Мухиева, Арсен Әбенов (3 курс, «Режиссура»); TКA студенттері – София Пак пен Даниил Акимов (3 курс, «Режиссура») өз пікірлерімен бөлісті.