ҚазҰӨУ анимациялық фильм режиссерлеріне арналған шеберлік сағат өтті

5 ақпан күні Анимациялық фильм режиссерлеріне арналған шеберлік сағат өтті. Кездесуге ҚазҰӨУ-нің 2021 жылғы халықаралық кинофестивальдердің жеңімпаздары, екі дарынды жас буын режиссерлер: Алматы қаласы, VI BAIQONUR кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алған түлегіміз-Тазиатова Әминаның «Бөлмеден шықпай» қысқаметражды анимациялық фильмінің көрсетілімімен бастап (Оразалы Ж.Н. шеберханасы), Түркияда өткен кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алған 5 курс студенті, болашақ кинорежиссер Мұқышев Әлібидің «Өшіргіш» анимациялық фильмінің көрсетілімімен жалғасты (Райбаев А.С. шеберханасы) Анимациялық фильмдердің түсірілімі жайында әңгімелесу қызықты әрі тартымды болды.

(Шеберлік сағаттарды ұйымдастырған, «Кино және ТВ режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы Қожақова Л.Б.)