ҚазҰӨУ «Қос ішек» VII ші Университеттік дәстүрлі күй конкурсы өтті

Құрметті ағайын! Үстіміздегі жылдың 28 ақпан күні Қазақ ұлттық өнер университетінде «Домбыра» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қос ішек» атты 7-ші Университеттік дәстүрлі күй конкурсы өтті. Бұл – сирек орындалатын күйлерімізді түгендейтін, сазын қайта түлететін кәсіби конкурс ретінде кең танымал болып келе жатқан байқау.
Биылғы күй сайысына Алматы, Атырау, Орал, Маңғыстау, Қызылорда, Шымкент, Қарағанды, Семей қалаларынан келген кіл жүйріктер бақ сынасты. Конкурстық жобаның жетекшісі – «Мәдениет саласының үздігі”, аға оқытушы Жұмабек Қадырқұлов. Осы сайыстың демеушісі белгілі меценат, өнер жанашыры – Самат Мұсабаев мырзаға алғысымыз шексіз!

“Қос ішек” республикалық конкурсы бүгін 28-ақпан күні басталды. 1-турдан тұрады. Конкурс күй тартыс ретінде өтіп жатыр. Конкурсқа Республиканың барлық облыстарының колледждерінен, Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория және ҚазҰӨУ-нің студенттері қатысуда.
Конкурсқа “ Каспий Строй-Сервис” корпорациясы “AJAR foundation” руханиятты қолдау қоры спонсорлық жасап жатыр