Болашақ киім дизайнерлеріне арналған дәріс

2022 жылдың 24 ақпанында ҚазҰӨУ-де «Киім дизайны» мамандандыруының барлық курстарының студенттері үшін «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі Сағиев Бауыржан «Презентация және портфолио құру» тақырыбында дәріс өткізді.

Бауыржан Сағиев қазақстандық киім дизайнері, Лондондағы (Ұлыбритания) Сentral Saint Martins College of Art and Design (l) әйелдер киімі бойынша өнер бакалавриатының үздік түлегі. Сондай-ақ, Б.Т. Сағиев Chanel, koche (Париж) сән үйлерінде тағылымдамадан өтті, Aleksander McQueen (Лондон) сән үйінде  дизайнер ассистенті болып жұмыс істеді. Utari (Нұр – сұлтан), a La Russe & ArNouveau (Мәскеу қ.), Ogilvy&Mother (Алматы қ.) компанияларында арт-директор болып қызмет атқарған, Kazakhstan TextiLine (Алматы қ.) спорт желісінің дизайнері лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар

Сонымен қатар, TSE заманауи өнер орталығының директоры болып табылады, Қазақстандық арт – кеңістіктің дамуына қосқан үлесі үшін 2019 жылы  «Жылдың арт – қайраткері» атанды. Дәріс барысында Б.Т. Сағиев көрнекі материал ретінде өзінің жеке креативті портфолиосындағы бейнелерді ұсынды. Студенттер дәрісті қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.