Студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

Ақпан айының 18 күні Қазақ ұлттық өнер университеті Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп студенттер арасында жаңа Қазақстандағы жастардың дамуы, қаңтар оқиғасына қатысты, ревакцинацияның қоғамдық өмірдегі маңыздылығы туралы кездесу өткізді. Аталған шара ҚазҰӨУ-нің Ж.Жабаев атындағы концерт залында студенттердің қатысуымен болды.
Кездесу студенттер арасында қызығушылыққа ие. Спикерлер қатарында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі ТАСТЕМІР Ақұлан, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, «Тәуелсіздік қырандары» қоғамдық қорының атқарушы директоры, кәсіпкер СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас;– Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтану магистрі СИНЯКОВ Олег сөз қозғап, өз ойларымен, өмірлік жолымен бөлісті.
Студенттер қойылған сұрақтарына, ұсынылған талап-тілектеріне жауап ала алды.