Магистранттар мен докторанттардың, және де жас ғалымдардың қатысуымен онлайн кездесу өтті

2022 жылы 16 ақпанында магистранттар мен докторанттардың, және де жас ғалымдардың қатысуымен өнертану ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры Джумакова Умитжан Рахметулловнамен онлайн кездесу өтті. Профессордың айтуы бойынша, кездесудің негізгі максаты – жастармен тәжірибемен бөлісіп, ғылыми-зерттеулерінде көмек көрсете отырып, ғылымға деген талпыныстарын ашу.

Кездесудің басында Умитжан Рахметулловна, Абайдың ғылымды меңгеру туралы қара сөздерін мысалға келтіріп, олардың бүгін де өзектілігін жоғалтпағаның айтты. Кездесу барысыңда жас ғалымдар өз зерттеулерінің өзектілігін, зерттеудің мазмұның толығымен ашу, қай бағытта жүру, қандай әдебиетті қолдану, және де әдебиетті қалай таңдау деген сұрақтар қойды. Осы және тағы басқа сұрақтарға әдіснама ғылымын белсенді зерттеген Умитжан Рахметулловна толықтай жауап берді.

Кездесудің қатысушылары профессорға алғыс білдіріп, онлайн кездесуге қызығумен қатыcқандарын айтты. Мұндай форматты кездесулер жастардың ғылыми зерттеулерге деген талпыныстарын арттыра отырып, өздерінің зерттеулеріне үлкен үлес қосады.