ҚазҰӨУ мен скрипка мұражайының «Антонио Страдивари» Қоры арасында Меморандумға қол қойылды

Бүгін 2022 жылғы 17 ақпанда ҚазҰӨУ -не құрамында скрипка шебері – Алессандро Вольтини, скрипкашы – Доменико Нордио, Сессо Эмилио-ҚР Италия Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі, сондай-ақ «Антонио Страдивари» скрипка мұражайы қорының Атқарушы Директоры, Доктор Паоло Бодини бар Италиядан делегация келді.
Қонақтарды ҚазҰӨУ ректоры, ҚР Халық әртісі ,профессор Айман Қожабекқызы Мусахаджаева, «Хор дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі Батыржан Смақов және ҚазҰӨУ халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет қызметкерлері қарсы алды.
Қонақтарға ҚазҰӨУ колледжінің студенттерінің оқу жұмыстарының «Сурет. Графика. Мүсін» тақырыбындағы көрмесін көркемсурет факультетінің деканы Г. С. Мұхтарова таныстырды.
Сонымен қатар, делегация ҚазҰӨУ музейіндегі университеттің экспонаттары мен тарихымен, ҚазҰӨУ музейіндегі университеттің экспонаттары мен тарихымен танысты.
ҚазҰӨУ-нің Ж .Жабаев атындағы залда  қонақтар жас әртістердің өнерін тыңдады. Сапардың басты себебі ҚазҰӨУ мен Италияның Кремон қаласында орналасқан «Антонио Страдивари» скрипка мұражайының қоры арасында бірлескен білім беру және мәдени ынтымақтастыққа жәрдемдесу үшін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою болды.