ҚазҰӨУ студенттері «СЕРЕБРЯНАЯ ШПАГА» сахналық семсерлесу фестивалінде «Арнайы сыйлық» иегері атанды

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Драма театр актері және режиссура» кафедрасының, «Драма театры және кино артисі» мамандануы бойынша 3 курс студенттері: Дарын Прекеш, Серік Мақсотов, Ернұр Балмаш Н.В.Карпов атындағы   XII Халықаралық «СЕРЕБРЯНАЯ ШПАГА» сахналық семсерлесу фестивалінде «Арнайы сыйлық» иегері атанды. Қойылым соңында көрермендер қошеметін аямады. Әртіс үшін бұл үлкен бақыт.

Студенттерімізді жеңістерімен құттықтай отырып шығармашылық табыс тілейміз. Осы орайда пән оқытушысы Бекзат Азаматұлымен курс жетекшісі ЖАК профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Рамазанқызын осындай дарынды студенттер тәрбилеп отырғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз