ҚазҰӨУ Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған «ХІ Боранбаев оқулары өтті

Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған «ХІ Боранбаев оқулары: Көркем білім беру жүйесіндегі практикаға бағытталған оқытудың ерекшеліктері»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 11 ақпанында Қазақ ұлттық өнер университетінде «ХІ Боранбаев оқулары: Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған көркем білім беру жүйесіндегі практикаға бағытталған оқытудың ерекшеліктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Осы жылы әдеттегідей Боранбаев оқуларына қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының ғалымдары, Украина мен Ресейдің ғылыми өкілдері қатысты.

Конференцияның пленарлық бөлімі ҚазҰӨУ басшылығына, «Боранбай оқуларының» қатысушылары мен ұйымдастырушыларына композитор Е.Р. Рахмадиевтің отбасы атынан бейнеөтініш А.Малдыбаев атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының режиссері, қызы Наиля Еркеғалиқызы жасады.

Пленарлық отырысқа философия ғылымдарының кандидаты, көркем өнер факультетінің деканы, өнертану кандидаты Мухтарова Г.С., педагогика ғылымдарының кандидаты, «Кескіндеме және мүсін»  кафедрасының профессоры Ижанов Б.И.,  «Музыкалық білім» кафедра меңгерушісі. PhD,   профессор, ХПБҒА академигі  Г.Ә. Хусаинова, жастар өкілі, өнертану магистрі, университетінің «Музыкатану» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Дуиесинова Д.С. (ғылыми жетекшісі, өнертану кандидаты, профессор Акпарова Г.Т.) қатысты.

Конференцияның 7 секциясындағы жұмыс университетте өнер мен білім берудің барлық түрлері бойынша практикаға бағытталған білім беру нысандары мен әдістерін қолдану мәселелері бойынша диалогты тереңдетуге бағытталған. Сондай-ақ, кездесуде қатысушылар өнер және көркем білім беру салаларындағы түрлі мәселелерді талқылады.