«Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы 2021 жылғы рейтингісінде 1 орын алды

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екінші жыл қатарынан «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, оның ішінде: жұмысқа орналасқан түлектердің пайызы және олардың орташа жалақысы, бітіргеннен кейін жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ бағдарламалардың өзектілігін бағалау.

ҚазҰӨУ-нің «Музыкалық білім» кафедрасын Қазақстанның 15 жоғары оқу орны қатысқан «Атамекен» ҚР ҰКП базасында «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 2021 жылғы рейтингісінде 1 орын алуымен құттықтаймыз! Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!