Шертпе күйдің шебері Жанғали Әлімханұлының туған күні

Бүгін – шертпе күйдің кеңінен насихатталуына өлшеусіз үлес қосқан Жанғали Әлімханұлының туған күні

Жанғали Жүзбай – күйші, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. «Қазақтың шертпе күйлері», «Шертпе күйдің төрт мектебі», «Ұстаздың педагогикалық репертуары» атты кітаптардың авторы. «Мәңгілік сарын», Қазақтың 1000 күйі» күй антологияларына жазылған, бірнеше күйтабақтары және бірсыпыра ғылыми-зерттеу бағытында жазылған мақалалардың авторы.

Құрметті Жанғали Әлімханұлы, Сізде жеке өз атымнан және Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының атынан туған күніңізбен құттықтаймын! Деніңіз сау, отбасыңыз аман болсын. Артыңыздан ерген дарынды шәкірттеріңіз көп болсын.