ҚазҰӨУ-не Нұр-Сұлтандағы Польша Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі келді

2022 ж.27 қаңтарда Қазақ ұлттық өнер университетіне Нұр-Сұлтандағы Польша Елшілігінің Уақытша Сенімді өкілі Пан Томаш Коллот және Елшіліктің қоғамдық дипломатия және мәдениет мәселелері жөніндегі қызметкері Пани Фарангиз Коллат келді.
Польша дипломаттарының ҚазҰӨУ қызметкерлерімен Достық жағдайда кездесуі өтті, онда білім беру, академиялық ұтқырлық, кинематография саласында студенттермен алмасу, екі дипломдық білім беру мүмкіндіктері, елдеріміз арасында бірлескен конкурстар, концерттер, мәдениет күндерін ұйымдастыру, Польша Елшілігінің университетпен өзара мәдени ынтымақтастығы туралы мәселелер қаралып талқыланды.
Тараптар мамыр айында Польша мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын мерекелеу аясында «Станислав Монюшки атындағы Бірінші республикалық вокалдық байқауды» онлайн форматта өткізудің бірлескен жобасы туралы келісті. Сондай-ақ, поляк тарапынан болашақта Ф.Шопен атындағы байқау ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті.
Польша дипломаттары алғаш рет біздің университетіміздің ғимаратына, концерт залдарына, Ж.Жабаев атындағы залға, сондай-ақ Ф. Шопен атындағы залға барып қайтты. Атақты композитор, әрі пианист Ф. Шопеннің құрметіне аталған залды көріп осынша құрметке таң қалды. Қонақтар университет мұражайы мен сурет галереясында қойылған біздің талантты педагогтар мен студенттердің жұмыстарымен танысты, сондай-ақ Кино және ТВ факультетінің павильондарын аралады.
Кездесу екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік жағдайында өтті.