ҚазҰӨУ ұжымы Асхат Қанатұлын жаңа құрамда қайта бекітілуімен құттықтады

Құрметті Асхат Қанатұлы!

Қазақ ұлттық өнер университетінің өнер қайраткерлері мен өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамында қайта бекітілуіңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекетіміздің өміріндегі өте маңызды кезеңде еліміздің жас ұрпағына білім беріп, Отанымыздың болашағына ие болар тұлғаларды тәрбиелеу жолында тек ғалым ғана емес, мемлекет және қоғам қайраткері ретінде ел сыналар, ер сыналар тұстарда ұлтқа ұйытқы болатын талай игі шараның басында жүріп, елдің ыстық ықыласы мен сый-құрметіне бөленер азамат бола беруіңізге тілектеспіз.

Асхат Қанатұлы! Еңбегіңіз нәтижелі, сәтті, абыройлы болсын.

Сізді  әрқашан мейірімді және жанашыр адамдар қоршасын, қызметіңізде әрдайым гүлдену, өркендеу және жақсы көңіл-күй болсын!

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз!
Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа толы болсын!

Қазақстанның Еңбек Ері, Әлем Әртісі, профессор,

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева