ҚазҰӨУ ұжымы Дәурен Әскербекұлын жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады

Құрметті Дәурен Әскербекұлы!

         Қазақ ұлттық өнер университетінің өнер қайраткерлері мен өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасынының Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекетіміздің өміріндегі өте маңызды кезеңде еліміздің сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдыру, елімізді өркендету,  республиканың имиджін табысты ілгерілету жолында  осынау жауапты қызметті бар ықласыңызбен жүзеге асыратыныңызға сенімдіміз.

Дәурен Әскербекұлы! Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын ізгі ниетпен тілейміз.

Әрдайым абыройыңыз асқақ, мерейіңіз үстем  болсын!

Қазақстанның Еңбек Ері, Әлем Әртісі, профессор,

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева