ҚазҰӨУ ұжымы Президентті қолдайды

«Халықтың бірлігі мен жүйелі реформалар еліміздің өркендеуінің берік негізі»

Қ-Ж.Тоқаев

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс парламентінде жаңа премьер министр ретінде Алихан Смаиловты ұсынып, үлкен де мазмұнды үндеуін жолдады. Ол болашақ Қазақстанның саяси, әлеуметті-экономикалық және көптеген тағы басқа да мәселелерін көтерді. Президент әр саланың жұмысына, болашақ дамуына түбегелі талдау жасап, қазіргі кризистен шығудың нақты жолдарын белгілеп берді.

Қ.Тоқаевтың әр сөзінен өз халқының жағдайы, болашағына деген жан тебірентер, жүрегінен туындаған уайымы мен қамқорлығы байқалды. Ол көрсеткен жолдар мемлекет қызметкері немесе әр адам үшін қағида болып, осы жолмен дұрыс еңбек етсек, бізді жарқын болашақ күтіп тұр дегім келеді.

Қазақстанның Еңбек Ері, Әлем Әртісі, профессор, Қазақ ұлттық өнер

университетінің ректоры Айман Мұсақожаева