ҚазҰӨУ колледж және бакалавриат студенттері 2021 жылғы фестиваль – байқаулардың Гран-при иегерлері атанды

ҚазҰӨУ колледж және бакалавриат студенттері «Таланттар шоқжұлдызы» Халықаралық қашықтық байқауы, «Талант 2021» Халықаралық жоба байқауы, «Арт проспект» VII Халықаралық фестиваль байқаудың Гран – При және жүлделі орындарырың иегерлері атанды.

Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі Кемерово мемлекеттік мәдениет институты ұйымдастырған «Арт – проспект» VII Халықаралық фестиваль-байқауының нәтижелері:

«Пейзаж» номинациясы бойынша

Дарбаева Аружан- Гран-При

Елемес Ерасыл – Алтын диплом I орын

Асанов Азамат – Алтын диплом I орын

«Сюжеттік-тақырыптық композиция» номинациясы бойынша

Әлмұхан Мариям – Алтын диплом I орын

«Натюрморт» номинациясы бойынша

Майлекова Майя – Алтын диплом I орын

Тастанбек жарқын-күміс диплом II орын

«Дарындар әлемі» Халықаралық зияткерлік – білім беру порталы ұйымдастырған «Таланттар шоқжұлдызы» Халықаралық қашықтықтан байқауының «Сурет» номинациясы бойынша нәтижелері:

Алмухан Мариям-Гран – При

Бұл жұмыстар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 2021 жылдың 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «Sal-Seri» галереясында өткен «Жас суретші-жас қала» көрмесінде қойылды.

Көрме университеттің «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының аға оқытушысы және ҚазҰӨУ колледжінің «Бейнелеу өнері», «Мәдениет саласының үздігі» атағының және «Қөсбасшы педагог» Ұлттық сыйлығының иегері Маханбетжанова Гульнардың «Жас акварелист» авторлық жобасы аясында өтті.

Көрменің негізгі бөлігі Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласы, оның ішінде Есіл жағалауының көріністері, саябақтар, көпес Матвей Кубриннің сауда үйі сияқты көне ғимараттар және Бәйтерек, балық көпір сынды  заманауи сәулет құрылыстары арналды.