Құралай Мейрамбек «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атанды

«Qazaqstan» телеарнасында маусым бойы көрерменнің көзайымына айналған «Qazaqstan дауысы» жобасы өз мәресіне жетті. Жобаның жеңімпазы біздің студент Арт-менеджмент кафедрасының студенті Құралай Мейрамбек атанды. Үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында Құралай өзінің тәлімгерімен өнер көрсетіп көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш додада SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша 1 орынды иеленіп жеңімпаз атанды. Құралай үшін дауыс берген барлық жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Ал, жеңімпаз қызымызға деніне саулық, шығармашылық табыс жеңістері көп болсын дегіміз келеді. Шын жүректен құттықтаймыз!