ҚазҰӨУ-де Дисклавир сыныбында онлайн Рождестволық концерт өтті

Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде Қиыр Шығыс Мемлекеттік өнер институты және П. И. Чайковский атындағы Халықаралық конкурс лауреаттарының қауымдастығымен бірлескен онлайн Рождестволық концерт дисклавир сыныбындс өтті. Мерекелік іс-шара басталмас тұрып құттықтау сөздер айтылып салтанатты түрде ашылды. Концерртік бағдарламада Қазақстан (Нұр-Сұлтан), Жапония (Курасики) және Ресей (Владивосток) елдерінің 1,2,3 курс студенттері және Гнесиндер атындағы Мәскеу орта арнайы музыка мектебінің оқушысы Шао Цзыюй музыкалық ән шашу ұсынды. Іс-шараға тарту ретінде композитор, халықаралық байқаулардың лауреаты, «Чайковский» Академиясының оқытушысы Святослав Оводов «Рождестводағы тосын сый» Рождестволық әндер тақырыбындағы авторлық импровизациясымен тыңдармандарды қуантты. Мерекелік концерт екі жақты ынтымақтастық және алдағы жоспарлар туралы айтылып келе жатқан мерекемен құттықтады.