ҚазҰӨУ «Әсем қоңыр» атты шығармашылық кеш өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елбасының «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлы күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай ұйымдастырылатын «ӘСЕМ ҚОҢЫР» атты шығармашылық кеш өтті.

Дина Нұрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның есімі еліміздің түкпір-түкпіріне, тіптен Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Ұлы Құрманғазының дарынды шәкірті, лайықты мұрагері Дина – күй орындаушылардың жаңа, жас буынына халықтың аспаптық музыкасының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын.

XX ғасырдың бұлбұл домбырашысы, қазақ халқының мақтанышы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Күй Анасының өмірі мен шығармашылығы, күй мұрасы кейінгі ұрпаққа баға жетпес құнды қазына.

Шығармашылық кештің негізгі мақсаты: ағымдағы жылда осы атаулы мерекеге арнап   өткізілген шаралар мен атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы мәлімет жасап, халқымыздың дәстүрлі аспаптық музыкасындағы алар орнын тереңірек айшықтап, қазіргі өнерлі өскелең ұрпақты күйшінің мұрасы арқылы тәрбиелеу, сонымен қатар Музыкалық-педагогикалық білім беру саласында орындаушылық дәстүрдің қалыптасуы мен дамуын әрі қарай жалғастыру  болып табылады.

Кеш қонақтары:

ҚазҰӨУ-нің студенттік халық аспаптар оркестрі

Дирижеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Д.Ж.Ғылымов

«Күй анасы» қорының басшысы – Т.Ш.Қуанышев

ҚР еңбек сіңірген әртісі – Т.Б.Әліпбаев

ҚР еңбек сіңірген қайраткері – А.Қ. Ахмадиев

ҚР еңбек сіңірген қайраткері – А.А.Мұздаханова

ҚР жазушылар одағының мүшесі, ақын – А.Сейтақ

Халықаралық конкурстардың лауреаты – А.А.Тоқтаған

Республикалық конкурстардың лауреаты – М.Рысқалиев

Кешті жүргізуші: ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж. Жұзбай

Күйші Динаның шығармашылығына арналған кітап пен қазақ халқының ұлттық аспабы домбралардың көрмесі ұйымдастырылды.