Дубайда ҚР Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс – шара өтті

Дубайда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс – шарада Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен

ҚазҰӨУ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетті

2021 жылдың 16 желтоқсан күні Дубай қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік мәдени іс-шара өтті.

ЭКСПО – 2020 Дубай аясындағы Қазақстанның Ұлттық павильонында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауда Қазақстанның БАӘ – дегі Төтенше және Өкілетті елшісі М.С. Меңілбеков мырза, ЭКСПО-2020 Дубай көрмесіндегі Қазақстан секциясының бас комиссиясының орынбасары А. Г. Темірбекова ханым құттықтау сөз сөйледі. Қабылдау В.Хоменков және Д. Макиннің құрамындағы Jazz band музыкасымен сүйемелденді.

Одан әрі салтанатты шара «Dubai Millennium Amphitheatre» концерттік залында жалғасын тапты.

Бұл мерекелік кеште Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, ЮНЕСКО – ның «Әлем үшін әртіс» атағының иегері, ҚазҰӨУ ректоры Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның жетекшілігімен Қазақ ұлттық өнер университетінің халық аспаптары оркестрінің өнер көрсетуі қонақтар үшін нағыз сыйлық болды.

Көрермендер дирижер Дәурен Ғылымовтың жетекшілігімен ҚазҰӨУ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы қазақ музыкасының әуендерінен үлкен ләззат алды.

Концерт Қазақстан туралы бейнероликтермен сүйемелденді, бұл қатысушыларға еліміздің табиғатының сұлулығымен және мәдениет ерекшелігін сезінуге мүмкіндік берді.