ҚазҰМА бірінші проректоры Лебедев Игорь Борисович дүниеден өтті

2021 жылдың 17 желтоқсанында 85 жасқа қараған шағында 20 ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі, қазақ хормейстері, ұстаз, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ ұлттық музыка академиясының бірінші проректоры, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Лебедев Игорь Борисович дүниеден өтті.Ол біздің жүрегімізде кез келген жағдайда көмектесуге дайын сенімді жолдас және дана кеңесші болып қала береді. ИМАНДЫ БОЛСЫН.