Босаған білім беру гранттарын тағайындауға байқау жарияланады

Құрметті білім алушылар!

Ақылы негізде білім алушылар үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үрдісінде босаған білім беру гранттарын тағайындауға байқау жарияланады.

2021 жылғы  желтоқсан айының 20-на дейін барлық курстар мен мамандықтар бойынша бос гранттар саны:

МамандықКурс бойынша бос орындар саныЕскерту
12345 

Бакалавриат

5B040400 – Дәстүрлі музыкалық өнер/Халық аспаптары-Домбыра   2 байқау барлық мамандықтар арасында
6B02173 – Театр өнері/ Музыкалық театр артисі 1    
6B02125 – Өнертану/Мұражайтану

 

1     
6B02122 – Орындаушылық өнері/ Аспаптық орындаушылық/Ішекті аспаптар-Скрипка1    байқау барлық мамандықтар арасында
6B02115 – Бейнелеу өнері/Сценография- Театр, кино және ТД костюмінің сценографиясы 1    
6B02182 – Орындаушылық өнері / Эстрада өнері – Эстрада оркестрінің артисі 1    
5B041600 – Өнертану / Театртану   1 байқау барлық мамандықтар арасында
Магистратура
7М02164 – Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс / Операторлық өнер 1 

 Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Ақылы негіздегі білім алушы университет ректорының атына, ҚР МжС министрінің атына, ҚР БжҒ министрінің атына мемлекеттік білім беру грантына ауысу туралы өтініш жазады (өтініш үлгі бойынша өз қолымен жазылады);
  2. Білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. Әлеуметтік мәртебе туралы анықтама (қажет болған жағдайда);

Өтінішті, құжаттардың көшірмесін Академиялық мәселелер жөніндегі қызмет бөліміне (2 қабат, 201 кабинет) өткізу қажет.

Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау мерзімі: 2021 жылдың 31 желтоқсан айына дейін

Байланыс телефон нөмері:  8 (7172) 70-55-21