«Сценография және сәндік өнер» кафедрасының студенттері Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Студенттердің Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуы

2021 жылдың 10 желтоқсанында Zoom платформасында онлайн режимінде Көркемөнер факультетінің «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының студенттері Тілеубердинова Алима, Әбутәліп Толғанай, Рахметуллаева Илан, Каримова Әйгерім, Каримова Іңкәр – философия ғылымдарының кандидаты, доцент Дадырова Әсел Әлібекқызы жетекшілігімен Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде өткен «Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-мәдени саланың трансформациясы: экономикалық және басқару аспектілері» атты II Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияны өткізген Орел мемлекеттік мәдениет институты және Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университеті. Студенттердің ғылыми баяндамалары конференцияға қатысуға түскен көптеген өтінімдердің арасынан үлкен іріктеуден өтті. Конференцияға Беларусь, Ресей, Қазақстан, Украинаның жетекші жоғары оқу орындарының жас зерттеушілері қатысты. Конференцияға Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан Қытай қатысушылар қызығушылық танытты.Студенттеріміздің ғылыми мақалалары мен жыл сайынғы конференцияға қатысуы конференцияны ұйымдастырушылар тарапынан жоғары және жылы қарсы алынды. Көркемөнер факультеті студенттерінің ғылыми жұмыстары конференция жинағына енеді.