«Welcome to Qazaqstan» байқауының бас жүлдесінің жеңімпазы суретші Ахметжан Гүлназ

ҚазҰӨУ колледжінің «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» ПЦК студенті Ахметжан Гүлназ тәжірибелі ұстаз Маханбетжанова Гүлнардың жетекшілігімен «Welcome to Qazaqstan» I-ші Халықаралық шығармашылық байқауының «Тәуелсіздікке шашу» номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ дипломын жеңіп алды. Байқауды «Nur alem zhuldyzy» Халықаралық шығармашылық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру. Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жузеге асыру аясында ұйымдастырылды.