ҚазҰӨУ «Тәуелсіздік  жүрегімде»атты мерекелік концертті өтті

Бүгін 2021 жылдың желтоқсан айының 13 жұлдызында «Nur Otan» партиясы қолдауымен Қазақ Ұлттық Өнер университеті Жамбыл Жабаев атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуілсіздік  жүрегімде» атты мерекелік концертті өткізді.

Еліміздің ең маңызды мерейтойымен Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, ЮНЕСКО әлім әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Кожебекқызы  Мусахаджаева және Нұр – Сұлтан қаласы «Nur Otan»  партиясы  қалалық филиалының бірінші орынбасары Сәдуақасов Сақтаған Кәкімбекұлы ҚазҰӨУ ұжымын құттықтады.

Сонымен қатар ҚазҰӨУ ПОҚ өкілдерін алғыс хаттармен және мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті.

Видеобаян арқылы алыс және жақын шет мемлекеттердің өнер ордалары және консерваторияларының ректорлары және университеттің танымал түлектері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен  ҚазҰӨУ ректорын және ұстаздарын құттықтап жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты концертте дирижер Алишер Қасқырбаев жетекшілігімен колледж студенттерінің құралған қазақ халық аспаптары оркестрімен классикалық және дәстүрлі музыка, эстрадалық вокал, «Сценография және сәндік өнер» және басқада кафедраларының ҚазҰӨУ ЖОО және колледж студенттері өнерін қөрермендер назарына ұсынды.

Мерекелік концерттің режиссері  «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері, ҚазҰӨУ колледж оқытушысы Думан Аким болды.