ҚазҰӨУ профессор-оқытушылар құрамы бірқатар Мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қазақ ұлттық өнер университеті үшін 2021 жыл жемісті жыл болды. Қазақстан Республикасы Теуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚазҰӨУ профессор-оқытушылар құрамы бірқатар Мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында; ҚР әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістігі үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Әкім Үртайұлына тапсырылды;
Бағдар Самединова “Парасат” орденімен;
Раушан Қалайдарқызы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағымен;
Жанғали Жүзбай, Джуманиязов Нурлан, Лейла Махат «Құрмет» ордендерімен марапатталды.
Жастар арасында 2021 жылғы “Славян базары” байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова Мемлекеттік “Шапағат” медалімен марапатталды.
Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Еңбектеріңіз еленіп, жетістіктеріңіз көп болсын.