Досым Мақсұтов «Қазақ елі» авторлық күйімен lll-орын иеленді

2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» концерттік залында XI «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған және XVII Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының марапаттау рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтулы іс-шарада PhD Докторант, ҚазҰӨУ «Домбыра» кафедрасының оқытушы Досым Мақсұтов «Үздік музыкалық туынды» номинациясы бойынша «Қазақ елі» авторлық күйімен lll-орын иеленді. Жеңісіңіз құтты болсын.

Кең даланы тербетер күйлеріңіз көп болсын!