ҚазҰӨУ галереясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Өнерімнің өрісі» атты көрме ашылды

2021 жылдың желтоқсан айының  9 жұлдызында ҚазҰӨУ галереясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ҚазҰӨУ ің ЖОО, колледж, мектеп буынының профессор-оқытушылық құрамы туындыларының «Өнерімнің өресі» атты көрмесі ашылды.

Экспозицияда пейзаж, натюрморт, тақырыптық картиналар жанрындағы суреттері ұсынылған.

Көрмеге Исмаил Ачилов, Лейла Махат, Арыстан Смағұлов, Шыныбай Пірімбаев, Серікжан Ысқақбек, Ботагөз Төлеш, Дария Қастеева, Гүлназым Өмірзақ, Манат Аманбаев, Амансерік Жапаров, Аманжол Мұсалимов, Гүлнар Маханбетжанова, Бұлмекен Наханова, Жазира Жүкенова, Қуандық Баймұханов сияқты белгілі суретшілер қатысты.

Көрменің ашылуында ҚазҰӨУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Жанна Омарова, Көркемөнер факультетінің деканы Ғайни Мұхтарова, «Кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі Арыстан Смағұлов, «Сценография және сәндік өнер» кафедрасының меңгерушісі Әсел Тоқсанова, «Сценография, сәндік өнер, кескіндеме және мүсін» кафедрасының меңгерушісі Әйгерім Жұмағалиева.

Студенттер өздерінің тәлімгерлерінің сурет көрмесін үлкен қызығушылықпен тамашалады.