ҚазҰӨУ БА бөлімі және «CASIO» ЖШҚ өкілдерімен бірлескен семинар-практикум өтті

9 желтоқсанда ҚазҰӨУ «Біліктілікті арттыру және қосымша білім» бөлімі  және «CASIO» ЖШҚ өкілдерімен бірлесіп, университеттің ПОҚ және студенттері үшін «Заманауи музыкалық орта жағдайында цифрлық фортепианода оқытудың ерекшеліктері»тақырыбында практикум-семинар ұйымдастырды. Семинарды дәріскер, CASIO Europe GmbH сандық клавишты аспаптар бойынша сарапшы Д.П. Ратгерс өткізді. Курс музыкалық оқу орындары оқытушыларының біліктілігін, сондай-ақ студенттердің клавиштық аспаптардың заманауи мүмкіндіктері туралы білімдерін арттыруға бағытталған.
Курс соңында тыңдаушыларға сертификат берілді.