ҚазҰӨУ-де «Бірлігің болсын, ағайын!» атты мерекелік концерт өтті

Желтоқсан айының 2 жұлдызында Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл Жабаев залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Бірлігің болсын, ағайын!» атты мерекелік концерт өтті.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Мемлекеттік жастар «Дарын» сыйлығының лауреаты, танымал дирижер Даурен Глымов жетекшілігімен ҚазҰӨУ-дің Қазақ халық аспаптар оркестрі тандамалы музыкалық туындыларды орындады және концерт бағдарламасына қатысқан барлық орындаушылардың шығармаларын суйемелдеді.
Концерт бағдарламасында Сүгір, Ықылас, Дина Нұрпеисова, Абай Құнанбаев, Латиф Хамиди, Сыдық Мухамеджанов, Кенжебек Күмісбеков және басқада композиторлардың шығармаларына орындалды.
Бұл концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Раушан Мұсаходжаева, Орынбай Дуйсен, Елмұра Жаңабергенова, Тұрар Әліпбай, ҚР мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев қазақ дәстүрлі музыкасындағы сирек орындалатын шығармаларды тындармандарға тарту ретінде ұсынып көрермендерді өзіне бауырап алды.
Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары, жас дарынды әншілер Жандос Иманбай, Құаныш Белал, Гульдана Алдадосова, Алмагул Қаратаева сонымен қатар Astana opera солисті Назым Сағынтай және Шабыт домбрашылар тобы өнер көрсетіп, көрердердің ыстық ықыласына бөлінді.
Жамбыл Жабаев сөзіне жазылған Жоламан Турсынбайдың «Бірлігің болсын, ағайын!» контатасы ҚазҰӨУ сахнасында алғаш рет орындалып, мерекелік кештің кульминациясына айналды.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығымен тұспа тұс келген премьералық контата Қазақ Ұлттық өнер университетінің хор капелласы мен жеке дауыстағы Талғат Аллабериновтің орындауында талантты дирижер Батыржан Смаковтың көркемдік жетекшілігі арқасында жоғары кәсіби дәрежеде дайындалған.