ҚР Қазан қаласындағы Бас консулы заманауи мұсылман мәдениеті жастар фестивалінің гала-концертіне қатысты

Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов заманауи мұсылман мәдениеті жастар фестивалінің гала-концертіне қатысты. Шараның ашылу салтанатында ТР Жастар ісі жөніндегі министрі Тимур Сулейманов пен Қазан мемлекеттік мәдениет институтының ректоры Роза Ахмадиева құттықтау сөз сөйледі. Фестиваль ұйымдастырушылары «Ресей-ИЫҰ» бағыты бойынша Халықаралық Жастар ынтымақтастығының жобалық кеңесі, ТР Жастар ісі жөніндегі министрлігінің, Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттіктің, шетелде тұратын отандастардың және Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі жастар дипломатиясы академиясы болды.
Іс-шара Ресей мен ИЫҰ елдері жастарының көпжақты ынтымақтастығын дамыту, 18-35 жас аралығындағы Ресей өңірлері мен ИЫҰ елдерінің өзгеше авторларының, орындаушылары мен шығармашылық ұжымдарының өнерлерін анықтау және қолдау мақсатында өткізілді. Фестиваль 6 санат бойынша өтті: Театр, ерекше жанр, музыка, хореография, бейнелеу өнері, кино. Қазақстан 4 санатта өнер көрсетті. Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің атынан «Вокалдық өнер»кафедрасының III курс студенті Әліш Бибарыс Сәукенұлы өнер көрсетті.